Қазақстанда есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталған ресейлік әнші Navai-ға (Наваи Бакиров) қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл шешім құқықбұзушылық алғаш рет жасалғаны және күдікті шын жүректен өкінгені ескеріліп, қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес қабылданған.
Процестік шешімді қадағалаушы орган бекіткен. Шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылған.
Еске салайық, ресейлік рэпер Navai 13 қазанда Қордай өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оның көлігінен есірткі табылған. Кейін рэпер есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікке ілінді.