Интернет алаяқтыққа күдікті 13 Қытай азаматы Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ҰҚК мәліметінше, тексеріс барысында шетелдіктер Қазақстан аумағында халықаралық интернет алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталған, олардан көптеген компьютер, ұялы телефондар, Starlink жабдықтары, криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылған.
Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп, тексеріс жүргізілген. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекет жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталған.
16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылған.