Іле өзені маңындағы тастақты жолдар, күрделі жер бедері мен құмды алқаптар – автоблогер Дияс Валихан BAIC BJ40 PRO жол талғамайтын көлігінің мүмкіндіктерін дәл осындай жағдайда сынап көруді ұйғарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Рамалық құрылымды жол талғамайтын көлік «Жартасты қақпа» бағытын еңсеріп, өзінің конструкциялық ерекшеліктерін, толық жетек жүйесін және жүргізушіге көмектесетін электрондық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті.
Әдеттегі қалалық тест-драйвтан айырмашылығы, мұндай жағдайда көліктің геометриялық өтімділігі, күрделі жол жабындысында тарту күшін сақтай алуы және кедергілерден өту кезіндегі басқару дәлдігі алдыңғы орынға шығады.

Конструкцияның маңызы қандай?
- Беріктігі жоғары болаттан жасалған баспалдақ тәрізді рама, 220 мм жол саңылауы (клиренс), 36° кіру және 31° шығу бұрыштары, сондай-ақ тұтас артқы белдік аспаның кең жүрісін қамтамасыз етіп, күрделі жер бедерінде шанақты қорғауға мүмкіндік береді.
- Қуаты 245 ат күшіне және айналу моменті 395 Н·м-ге жететін 2.0 Turbo қозғалтқышы сенімді 8 сатылы ZF автоматты беріліс қорабымен және төмендетілген беріліс қатары бар Part-time 4WD толық жетек жүйесімен бірге күрделі учаскелерден өтуге қажетті тарту күшінің қорын қамтамасыз етеді.
BJ40 PRO моделінің жолсыз жердегі мүмкіндіктерінің негізін дәл осы механикалық конструкция мен трансмиссияның үйлесімі құрайды.
Жүргізушіге көмектесетін технологиялар
Күрделі бағытта көліктің кедергілерді еңсеру қабілеті ғана емес, оның қозғалысын дәл бақылау мүмкіндігі де маңызды рөл атқарады.
Тест-драйв барысында Дияс Валихан тарту күшін бақылау және дөңгелектердің бос айналуына жол бермейтін жүйелердің жұмысына ерекше назар аударды. Дөңгелектердің жолмен ілінісу деңгейі өзгеріп отыратын тастақты және құмды учаскелерде мұндай технологиялар жол талғамайтын көліктің механикалық мүмкіндіктерін толықтыра түседі.

- 11 қозғалыс сценарийі бар интеллектуалды All-Terrain System (ATS) жүйесі, 12 деңгейлі Crawl Control баяу қозғалу режимі, Tactical U-turn («тактикалық бұрылу») функциясы және «мөлдір шасси» мүмкіндігі бар 540° айналаны шолу жүйесі күрделі кедергілерден өту кезінде жүргізушіге көлік қозғалысын бақылауға көмектеседі.
- Рамалық конструкциясы мен жолсыз жерге бейімделген сипатына қарамастан, модель бес цифрлық экраны, жылыту және желдету функциялары бар орындықтары, сондай-ақ шу оқшаулауын жақсартуға арналған қосымша шешімдері бар заманауи интерьермен жабдықталған.
- Автоблогер жүргізуші орнының эргономикасына да ерекше тоқталды. Атап айтқанда, орындықтың орналасуын реттеу мүмкіндіктері мен негізгі басқару элементтерінің ыңғайлы орналасуын атап өтті.
Жүргізуші қозғалыс бағыты мен жол жағдайын үнемі бақылап отыруға тиіс күрделі бағыттарда басқару ыңғайлылығы ерекше маңызға ие.

«Бұл BAIC BJ40 PRO «Скальные ворота» бағытын ешкімнің көмегінсіз толық еңсерді. Бұл оның жол талғамайтын көлік ретінде сізді жолда қалдырмайтынын көрсетеді», – деді Дияс Валихан.

BAIC BJ40 PRO моделінің сынақтан өту барысы көрсетілген толық бейнеролик Дияс Валиханның YouTube арнасында жарияланды.
BAIC BJ40 PRO көлігінің жолсыз жердегі мүмкіндіктері мен жайлылық деңгейін BAIC компаниясының ресми дилерлік орталықтарында жеке бағалауға болады.