Шетелде жұмысқа орналасудың қандай қауіптері бар?

Шетелде жұмысқа орналасудың қандай қауіптері бар?
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарға ескерту жасады. Мамандар интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шетелге тез жұмысқа орналастыру туралы тартымды жарнамалар жиілеп кетті. Мұндай ұсыныстардың басым бөлігі Қазақстанда ресми тіркелмеген және заң аясынан тыс жұмыс істейтін шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдардан түседі, – деп хабарлады Көші-қон комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы оңай ақша табуға ұмтылу сенгіш азаматтардың қаржысынан айырылуына және басқа да қиындықтарға тап болуына әкелуі мүмкін.

Мамандар шетелде қауіпсіз жұмысқа орналасу үшін құжаттар мен рұқсаттардың бар-жоғын тексеріп, тек ресми тіркелген және аккредиттелген операторлардың қызметіне жүгіну қажеттігін ескертті.