Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Отандасымыз пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Давид Дегтярев 191 келіні бағындырып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты.
Күміс медаль Қытай спортшысы Ян Цзинлянға бұйырса, Индонезия өкілі Хильман қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының биылғы Азия Пара ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.