Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жариялаған күнтізбеге сәйкес қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ораза айт 9 наурызға, ал Құрбан айт 16-18 мамыр аралығына түсіп тұр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мұсылмандар 2027 жылғы 8 ақпаннан бастап ораза ұстайды. Қасиетті ай дәстүр бойынша құлшылық етуге, рухани жағынан тазаруға, қайырымдылық жасауға арналған.
Рамазан айы 29 немесе 30 күнге созылады. Оның ұзақтығы ай күнтізбесіне байланысты. Осы кезеңде мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылып, құлшылыққа көбірек көңіл бөледі және игі істер жасауға ұмтылады.
ҚМДБ күнтізбесінде мұсылмандар үшін маңызды өзге де күндер көрсетілген:
- Бараат түні - 23 қаңтарға қараған түн;
- Рамазан оразасы басталуы - 8 ақпан;
- Қадір түні - 6 наурызға қараған түн;
- Ораза айт - 9 наурыз;
- Құрбан айт - 16-18 мамыр.
