Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан "Солтүстік бағдар" деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабанда жолымен тасымалдау әрекетін анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталған.
Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ доллары болуы мүмкін 30 келі ауған гашиші тәркіленген. Бұл дерек бойынша Ресейдің құзыретті органдары тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.