Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер 50 млн теңге көлеміндегі стипендиясын ала алмай келген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы қаласының прокуратурасы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқығы бұзылғанын анықтаған.
Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған, жалпы қарыз 50 миллион теңгеге жеткен. Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылып, берешек толық өтелді, 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді.