Рэпер Navai Қазақстандағы уақытша ұстау изоляторынан босатылды - БАҚ

Рэпер Navai Қазақстандағы уақытша ұстау изоляторынан босатылды - БАҚ
Фото: instagram

Ресейлік рэпер Навай Бакиров Қазақстандағы уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Басылымның мәліметінше, кеше музыкант аудандық уақытша ұстау изоляторына жеткізіліп, кейін босатылған. Қазір Navai Ресейге ұшып кеткен.

Бұған дейін рэпер шекарадан есірткімен өтпек болған кезде ұсталып, Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалған еді. Оған есірткі контрабандасы бабымен айып тағылған.

Осы оқиғадан кейін әншінің алдағы концерттері де тоқтатылған.