Қазақстанда есірткімен ұсталған ресейлік әнші қамауға алынды

Қазақстанда есірткімен ұсталған ресейлік әнші қамауға алынды
Фото: instagram.com/navaib

Ресейлік әнші Наваи Бакировқа екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Осы уақыт ішінде ол тергеуде болады. Әнші 13 қазанда Қазақстанға кірер кезде «Қордай» өткізу пунктінде ұсталды. Көлігін тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленген. Оның түрі мен мөлшері жарияланған жоқ.

Бұған дейін Navai тергеу изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.