Қарағандыда қауіпті той кортежі полицияның назарына ілікті

Қарағандыда қауіпті той кортежі полицияның назарына ілікті
видео кадры

Қарағандыда қауіпті той кортежі полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде тараған кадрларда көлік жүргізушілері қауіпті маневрлер жасап, сауда орталығының автотұрағында отшашу атқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері барлық адамды анықтап, оларды жол ережесін және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартқан.

Полиция жол жүрісіне қатысушылардың барлығы жол жүрісі қағидаларын, қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті екенін еске салды. Қауіпті маневрлер жасау және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.