Қыркүйек пен қазанда Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, олардың басым бөлігі жалған виза және басқа тұлғалардың дерегі көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

Бұл деректер бойынша құқық қорғау органдары тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері осындай 358 деректің жолы кесілген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлады.