Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды

Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды
zhetysu.edu.kz

Ақмола облысы Есіл ауданында мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға қатысқан. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Есіл ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан 2 мемлекеттік қызметші анықталған.

Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

Прокурорлық ден қою шаралары нәтижесінде екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымынан босатылды. Мемлекеттік қызметшілерге мұндай әрекеттерге баруға болмайтыны ескертілді.