Шымкентте жылқыны көлігіне байлап алып, жол бойында сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте жылқыны көлігіне байлап алып, жол бойында сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды
видео кадры

Шымкентте жылқыны көлігіне байлап алып, жол бойында сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде жүргізуші жылқыны көлікке байлап алып, сүйреп бара жатқаны көрінетін видео тараған. Кейін ІІМ өкілдері осы дерек бойынша тексеріс жүргізіген.

Полиция департаменті дерегінше, тексеріс барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталмаған.

"Ер адам жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу дерегі бойынша жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілдері.