Шымкентте екі ер адам тұрғыннан 10 млн теңге бопсалап, Mercedes-Benz көлігін тартып алған

Шымкентте екі ер адам тұрғыннан 10 млн теңге бопсалап, Mercedes-Benz көлігін тартып алған
видео кадры

Шымкентте екі ер адам жергілікті тұрғынды қорқытып, одан 10 млн теңге талап еткен. Сонымен қатар олар жәбірленушінің Mercedes-Benz көлігін тартып алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жәбірленуші полицияға арызданғаннан кейін күдіктілер ұсталды. Олардың бірінің үйін тінту кезінде қаруға ұқсас екі зат пен төрт оқ табылған. Тергеу барысында жәбірленушіге тиесілі көлік пен бопсалау арқылы алынған 300 мың теңге қайтарылды.

Сот екі ер адамды да бес жылға бас бостандығынан айырды.