Депутат Яндекстегі ақаудан кейін Бас прокурорға ашық сұрақ қойды

Депутат Яндекстегі ақаудан кейін Бас прокурорға ашық сұрақ қойды
Фото: time.kz

Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаева Бас прокурор Берік Асыловқа, премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

11 қазанда Қазақстан азаматтары "Яндекс" компаниясының кейбір қызметтеріне қол жеткізе алмады.

"Компания мұны шетелдегі инфрақұрылымдағы ақау деп түсіндірді. Министрлік қазақстандық пайдаланушылардың жеке дерегі сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын мәлімдегенімен, кейбір компоненттер Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Күн сайын азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем дерегін өңдейтін сервистің шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл дерек нақты қай елде, қандай құқықтық режимде өңделетінін ашық анықтауды талап етеді", - деді ол.

Депутат осы жағдайға байланысты жеке дерек трансшекаралық деңгейде берілу-берілмеу заңдылығын тексеру қажет екенін мәлімдеді.