Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме?
pixabay.com

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі үкімет деңгейінде талқыланып жатыр, алайда 2027 жылға арналған бюджет жобасында әзірге бұл мақсатқа қаражат қарастырылмаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі Үкімет пен Президент Әкімшілігі деңгейінде қарастырылып жатыр. Министр жақын арада нақты шешім қабылдануы мүмкін екенін айтты.

«Егер көтерілетін болса, келесі жылдан бастап күшіне енеді», – деді Жұманғарин.

Сонымен қатар ол ең төменгі жалақыны арттырудың бюджетке және экономикаға әсері елеулі болатынын атап өтті. Сондықтан мұндай шешімді жан-жақты бағалап, салдарын ескере отырып қабылдау қажет.

Қазіргі уақытта 2027 жылы ең төменгі жалақының нақты қанша теңгеге өсетіні және өзгеріс енгізіле ме, жоқ па — белгісіз. Үкімет әзірге түпкілікті шешім жариялаған жоқ.