Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеу тетігін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Astana Media Week 2026 аясында мәдениет және ақпарат вице-министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, министрлік цифрлық платформалармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерге кіруін реттеу жолдарын қарастырып жатыр. Негізгі қиындықтардың бірі – пайдаланушының кім екенін және оның жасын анықтау. Осы мәселені шешу үшін платформалармен бірлесіп, ортақ алгоритмдер әзірлеу жоспарланған.
Ведомство өкілі шектеулер WhatsApp пен Telegram мессенджерлеріне қатысты болмайтынын атап өтті.
Бастаманың мақсаты – балаларды цифрлық ортадағы қауіп-қатерден қорғау. Сонымен бірге олардың білім алуға және пайдалы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі сақталмақ.