Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды
ІІМ

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алатау станциясында жолаушының сөмкесін тексеру кезінде 5,45 миллиметр калибрлі екі оқ-дәрі анықталған.

"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеріс барысында сөмкеден екі патрон тәркіленді. Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деді ІІМ өкілдері.