Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді
instagram.com/kair_n/

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде болған оқиғадан кейін ұсталған ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді. Қала прокуратурасы мәліметінше, сот күдіктіге бұлтартпау шарасын қараған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

"Сот күдіктіні қамауда ұстауға санкция беруден бас тартып, оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді Шымкент прокуратурасы өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әншінің Шымкенттегі концерті қылмыстық іспен аяқталған болатын. Алдын ала мәліметке сәйкес сатылған билет саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдар шамадан тыс жиналуына әкеп соғып, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Адамдар қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Концерт ұйымдастырушысы, яғни 1984 жылы туған Л. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.