Қазақстандық әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы өмірден өтті.
Қаралы хабарды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
"Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін", – делінген жазбада.
Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазан күні сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтетіні хабарланды.