"Әкем мен анама өзім бас-көз боламын": Қаза тапқан сарбаздың егізі бауырына өлең арнады

"Әкем мен анама өзім бас-көз боламын": Қаза тапқан сарбаздың егізі бауырына өлең арнады
Фото: Lada.kz

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Мирас Тұрдыбекұлының егізі марқұм бауырына арнап жүрек тебірентер жазба жариялады.

Ол бауырының орнын ешкім баса алмайтынын айтып, ата-анасына өзі қамқор болатынын жеткізген.

"Сенің орныңды кім толтырады? Қолдан келер шара бар ма? Уайымдама. Әкем мен анама өзім бас-көз боламын", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Мирас Тұрдыбекұлының егізі бауырына арнап өлең жолдарын жариялаған.

"Сені Мирас әлі мен егіз деймін,
Келер әлі Мирас деп сені іздеймін…
Күллі жұртқа сені мақтап мен әлі,
Жаман ана тапқан ұл дегізбеймін…"

Желі қолданушылары жазбаның астына отбасыға көңіл айтып, марқұмның жақындарына сабыр тілеуде.