Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдаған. Бұған дейін Мемлекет басшысы қолданыстағы мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарған.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуға партиялық жүйедегі өзгерістерді және Amanat партиясының «Әділет» партиясына қосылуынан кейін депутаттардың едәуір бөлігінің легитимдігіне қатысты мәселені себеп еткен.
Қолданыстағы мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа сайлауды Президент жарлығы негізінде Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды. Дауыс беру екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.