БҚО-да бұрынғы құдалар 126 мың теңгеге таласқан

БҚО-да бұрынғы құдалар 126 мың теңгеге таласқан
ЖИ: Dalanews.kz

Батыс Қазақстан облысында бұрын құда болған екі әйел 126 мың теңгені бөлісе алмай, дауды сотқа дейін жеткізген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот материалдарына сәйкес, әйелдердің бірі екіншісіне қарызға ақша берген. Алайда олардың балалары ажырасқаннан кейін қарызды өзара келісіп қайтару мүмкін болмаған. Соның салдарынан мәселе сотта қаралды. Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Олар қарызды қайтарудың мерзімі мен тәртібін өзара келіскен.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты.