Басына пакет орап тастаған: Алматыда төрт адам 61 жастағы кісіні үйінен ұрлап, өлтіріп кеткен

Басына пакет орап тастаған: Алматыда төрт адам 61 жастағы кісіні үйінен ұрлап, өлтіріп кеткен
видео кадры

Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды.

Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.