Қайрат Нұртастың концертінен кейін тағы бір адам жауапқа тартылды

Қайрат Нұртастың концертінен кейін тағы бір адам жауапқа тартылды
instagram.com/kair_n/

Шымкентте жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шымкент Полиция департаменті дерегінше, әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жалған ақпарат таратқан әйел анықталып, ол жауапкершілікке тартылған.

Әйел концерт барысында болған жағдайға қатысты шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жариялап, тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған. Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әйел анықталған.

"Оған қатысты тиісті материалдар жинақталып, заңда белгіленген тәртіппен қарау, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деді полиция.