Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды

Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды
ЖИ: Dalanews.kz

Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге  мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезінде әдеп нормаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және балағат сөздер қолданудан аулақ болуға шақырады.