Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет шықты

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет шықты
Ақбаян Мұқанғалиева. Видеодан кадр: ІІМ

Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет жарияланды, деп жазады Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде оның қазіргі сәтінен түсірілген видеолар тарап, көпшіліктің назарын аударған.

Туыстарының айтуынша, Ақбаянның қалыпты өмірге қайта бейімделуі үшін әлі де уақыт, тұрақты күтім және жан-жақты қолдау қажет.

"Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес", – делінген видеодағы жазбада.

Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шыққаннан кейін бес баласымен қайта қауышқан.

Қазіргі уақытта ол туыстарының қарауында болып, ем қабылдауын жалғастырып жатыр.