Жаяу адамдар да өте алмайды: Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

Жаяу адамдар да өте алмайды: Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады
ЖИ: Dalanews.kz

Алматыда Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

19-22 қазан аралығында Медеу - Шымбұлақ жолының "Горельник" визит орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбыры орнатылады.

"Осы жұмыстар кезінде көліктер мен жүргіншілер қозғалысы толықтай тоқтатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапарын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.