Қазақстанда қызметкерлерді сақтандыру жүйесі арқылы  қорғау қалай жұмыс істейді

Қазақстанда қызметкерлерді сақтандыру жүйесі арқылы  қорғау қалай жұмыс істейді

Өндірістегі жазатайым оқиға адам денсаулығы ғана емес, бүкіл отбасының материалдық жағдайына да әсер етуі мүмкін. Міндетті сақтандыру мұндай жағдайда қаржылай қолдау механизмін көздейді. Бұны Қазақстан Республикасының «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» (ЖОМС) Заңы реттейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Жұмыс беруші тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті. Бұл ретте сақтанушы сақтандырушыны өзі таңдайды, ал сақтандыру ұйымы заңда белгіленген талаптар сақталған кезде міндетті шарт жасасудан бас тартуға құқы жоқ.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері еңбекақы төлеу қоры мен кәсіби қауіп-қатерлерді ескере отырып, белгіленген ережелер бойынша есептеледі. Ал шарт жасамаған жұмыс берушіге заң аясында  жаза бар.

Егер қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғаға ұшыраса, жұмыс беруші тергеп-тексеріп, қажетті құжаттарды ресімдеп, сақтандырушыға белгілі мерзім ішінде хабарлауы керек. Сақтандыру ұйымы оқиғаның мән-жайын және ұсынылған құжаттарды зерттейді.

Сақтандыру сомасы жазатайым оқиға салдары мен заңда көзделген негізіне қарай қызметкердің еңбекке қаншалықты жарамсыз болып қалғанына байланысты төленуі мүмкін. Қайтыс болған жағдайда төлемді оған құқы бар адам алады. Төлем мөлшері мен тәртібі заң және сақтандыру шарттарында жазылған. 

«Мұндай міндетті сақтандырудың басты мақсаты – еңбек міндетін атқару кезінде зардап шеккен қызметкерді заң аясында қаржылай қорғау және қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылған жақындарын қолдау. Сондықтан жұмыс берушінің сақтандыру шартын уақтылы ресімдеуі, ал жазатайым оқиға болған жағдайда сақтандырушымен қоян-қолтық жұмыс істеп, тергеп-тексеруі»,-дейді «Halyk Life» АҚ Корпоративтік сату басқармасы бастығының орынбасары Роза Самадинқызы Рахимова.

Сақтандыру төлемінен басқа не бар?

ЖОМС жүйесі сақтандыру жағдайы туындаған кездегі төлем ғана емес, сонымен қатар өндірісте жарақат алудың алдын алу және зардап шеккен қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтіруге байланысты шығындарды өтеуді де қарастырады.

Заңда белгіленген тәртіп бойынша профилактикалық іс-шараларға арналған кейбір шығындар сақтандыру сыйлықақысының шарт аяқталған күнгі есептелген лимитінің 6%-на дейін өтелуі мүмкін. Мұндай іс-шаралар қатарына еңбекті қорғауға жауапты басшылар мен тұлғаларды оқыту, кәсіби риск деңгейін бағалау, мерзімді медициналық тексерулер жүргізу, жарақат алу қаупіне әсер ететін жабдықты жаңғырту, сондай-ақ ұжымдық қорғау құралдары мен қауіпсіздік жүйелерін орнату жатады.

Бұнымен қатар, қызметкер 30-дан 100 пайызға дейін еңбекке жарамсыз болып қалса – белгіленген шарттар аясында оңалту шығындарының біразын өтеу де көзделген. Оның көлемі де  сақтандыру сыйлықақысының 6%-ға дейінгі шегінде болмақ. Атап айтқанда: әлеуметтік-психологиялық, кәсіби және еңбек жағдайын қалпына келтіру, оңалту, реконструктив терапия, сондай-ақ қызметкердің денсаулығына зиян келтіруге байланысты белгілі бір қосымша шығындар.

Заңда көзделген жағдайлар аясында зардап шеккен қызметкерге 100 АЕК шегіне дейін санаторий-курортта емдеу құны өтелуі мүмкін.

Мұндай механизмдер сақтандыру қорғанысын толықтыра түседі және өндірістегі оқиғалардың салдарын ғана емес, алдын алу, жұмысшылардың денсаулығын қалпына келтіруге де назар аударуға көмектеседі. Бұл шығындар сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде төлеген жағдайда және ЖОМС шарты аяқталған күннен бастап үш ай ішінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартының қолданыс мерзімі өткеннен кейін ғана өтеледі.

Зиянды өндірістегі қызметкерлерге арналған зейнет алдындағы аннуитет

Заңда зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де сақтандыру төлемінің жеке механизмі қарастырылған. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, белгіленген талаптар сақталған кезде 55 жасқа толған қызметкер зейнетақы алды аннуитетін жасай алады. Ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 84 ай төленуі керек.

Ол үшін қызметкер зиянды өндірістегі қызметін тоқтатып немесе зиянсыз жұмысқа ауысып, жұмыс берушіге өтініш беруі тиіс. Шарт жұмыс беруші мен ЖОМС шарты қолданылатын сақтандыру ұйымы арасында жасалады. Төлемдердің шарттары мен тәртібі заңнамада белгіленген.

Шарттың қай тұсына баса назар аудару керек

ЖОМС шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымында қажетті лицензияның бар-жоғын тексеру, сақтандыруды ресімдеу үшін қажетті мәліметтерді уақтылы ұсыну және заңда белгіленген мерзімдерді сақтау маңызды. Жазатайым оқиға болған кезде тергеу-тексеру ұйымдастыру, құжаттарды ресімдеу және сақтандырушыны көзделген тәртіп аясында хабардар ету қажет.

Бұл ретте жұмыс беруші ЖОМС шартын жасадым бітті, жұмыс беруші ретінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, нұсқаулық жүргізіп, өндірісте жарақаттанудың алдын алудан босатылды деген сөз емес.

«Halyk Life» АҚ қызметкерлерді жұмыс орнында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша жақсы құрал ұсынады. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компания активтер, реттеуші капитал және таза пайда көлемі бойынша Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында көш бастап тұр. Сақтандыру ұйымдарының толық қаржылық көрсеткіштерімен ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.