Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиевке басу айтты

Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиевке басу айтты
видеодан скриншот

Әнші Мейрамбек Беспаев анасы дүниеден өткен Сәкен Майғазиевтің жанынан табылып, оған көңіл айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желіде тараған видеода Мейрамбек Беспаевтың Сәкен Майғазиевті сүйеп тұрып, ауыр сәтте оған демеу болғаны көрінеді.

Қаралы жиынға "МузАРТ" тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев та қатысқан.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі Сәкен Майғазиев пен оның отбасына көңіл айтып, сабыр тіледі.