Павлодарда белгісіз дәрілерден кейін төрт оқушының жағдайы нашарлады

Павлодарда белгісіз дәрілерден кейін төрт оқушының жағдайы нашарлады
pixabay.com

Павлодардағы мектептердің бірінде белгісіз дәрілер табылғаннан кейін төрт оқушының денсаулығы сыр берген. Үшеуі облыстық балалар ауруханасына жүгінген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Павлодар облысының білім басқармасының мәліметінше, мектептегі оқу кабинеттерінің бірінен өткір иісі бар дәрілер табылған. Сабақ аяқталғаннан кейін төрт оқушы өзін жайсыз сезінген. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.

Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2014 және 2015 жылдары туған үш бала жүгінген. Оларды кезекші педиатр тексерген.

Белгісіз дәрілердің құрамы, балалардың нақты неден зардап шеккені және оқиғаның өзге де мән-жайлары туралы әзірге қосымша ақпарат берілген жоқ.