Журналист Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсенов туралы қуанышты хабарды айтты

Журналист Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсенов туралы қуанышты хабарды айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жылқышы Рахат Сәрсеновпен қайта кездескенін айтып, оның отбасымен бірге жаңа пәтерге қоныстанғанын жеткізді.

Өтепбайдың сөзінше, баспананы ақтөбелік кәсіпкер Азамат есімді азамат сыйға тартқан.

"Ардақты ағайын, араға екі ай салып, жылқышы Рахат Сәрсеновпен қайта жолықтым. Бұл жолғы кездесу көңілге қуаныш, бойға ерекше қуат сыйлады. Себебі Рахат аға отбасымен бірге жаңа пәтерге қоныстанды!Ал баспананы сыйға тартқан – ақтөбелік кәсіпкер. Қиын сәтте қолдау көрсетіп, бір отбасының қуанышына себепкер болған Азамат мырзаға алғысымыз шексіз!" – деп жазды журналист.

Руслан Өтепбай Рахат Сәрсеновтің денсаулығы да айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

"Одан бөлек, ағамыздың денсаулығы да едәуір жақсарып қалған. Мұны көріп, шын жүректен қуандым! Қиналғанға қол ұшын созып, сүрінгенге сүйеу болар азаматтарымыз көп болсын! Жақсылық жасап жарысайық, ағайын", – деп түйіндеді ол.