Тоқаев бельгиялықтар королі мен патшайымына сәйгүліктерін көрсетті

Тоқаев бельгиялықтар королі мен патшайымына сәйгүліктерін көрсетті
Ақорда

Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беріп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған король отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.

Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.