Шығыс Қазақстанда шамамен 1500 жылдық көне қалашық табылды

Шығыс Қазақстанда шамамен 1500 жылдық көне қалашық табылды
Al-Farabi Kazakh National University

Шығыс Қазақстанда шамамен 1500 жылдық көне қалашық табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Археологтар Қытай шекарасына жақын, Зайсан қазаншұңқырында орналасқан Қалжыр қалашығын зерттеді. Тарихи ескерткіштің аумағы 25 гектардан асады. Табылған жәдігерлер VI-VII ғасырларға, яғни Бірінші Түрік қағанаты дәуіріне жатады. Бұл туралы Medievalists.net басылымы жазды.

Қазба жұмыстары кезінде ғалымдар қуатты қорғаныс құрылыстарының қалдықтарын, ғимараттардың іздерін, күйіп кеткен бидай мен бұршақ дәндерін, қыш ыдыстарды және ішінде сылдырмағы бар сирек құс мүсінін тапқан. Қорғаныс құрылыстарының бір бөлігі өрттен жойылған. Алайда өрт неден шыққаны белгісіз.

Сонымен қатар, археологтар кейінгі қола дәуіріне жататын одан да көне жерлеу құрылысын анықтаған. Зерттеу жұмыстары жалғасады. Жиналған деректі аумақтың цифрлық модельдерін жасауға пайдалану жоспарланып отыр.