Қазақстанда 5–9 жас аралығындағы балалардың 23,2%-ынан артық салмақ анықталған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы зерттеу нәтижелеріне сүйеніп хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство артық салмақ балалардың екінші типтегі қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін арттыратынын ескертті. Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 18 жасқа толмаған балалар арасында екінші типтегі қант диабетінің 1 104 жағдайы тіркелген. Оның 237-сі – алғаш рет анықталған жағдайлар.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтану сапасы мен балалардың дене белсенділігіне назар аударуға шақырды. Сонымен бірге баланың сыртқы келбетіне байланысты оған қысым көрсетуге болмайтынын атап өтті.
«Балаларды мазақ етуге, артық салмағы үшін кінәлауға және олардың салмағын көпшілік алдында талқылауға жол берілмейді», – деп ескертті ведомство.