Экс-шенеунік Бейбіт Атамқұловтың туған інісі Мәди Атамқұлов Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәди Атамқұлов бұған дейін мемлекеттік хаттама саласында еңбек еткен. 2015 жылдан бастап алты жылға жуық Президент протоколының жетекшісі қызметін атқарып, Ақордада жұмыс істеді. 2021 жылы Қазақстанның Сербиядағы елшісі болып тағайындалды. 2026 жылы 10 шілдеде аталған қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Мәди Атамқұлов бұрынғы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың туған інісі.