Өскемен қаласының тұрғыны Камир Нұрғалиев Ресейде жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет хабарласқанда полиция қызметкерлері өзіне қысым көрсетіп, қылмыстық қудалаумен қорқыту арқылы Украинаға қарсы соғысқа қатысу туралы келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлегенін айтқан, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, қазір ол Ростов облысының Миллерово қаласындағы 78568 әскери бөлімінде болуы мүмкін. Жас жігіт Қазақстан дипломаттарынан өзінің қайда екенін анықтап, елге оралуына көмектесуді сұраған.
19 жастағы Камирдің анасы Алена Нұрғалиеваның айтуынша, ұлы онымен соңғы рет 14 қазанда байланысқа шыққан. Екі күннен кейін ол Telegram арқылы анасының жиеніне басқа адамның аккаунтынан қоңырау шалған.
Туыстарының мәліметінше, 13–15 қазан аралығында Ресейдің Ульяновск қаласында Камир мен оның досын көшеде шағын автобуспен келген белгісіз адамдар тоқтатқан.