"Ақтөбе" футбол клубы матч кезінде "Ордабасы" жанкүйерлерін қорлайтын плакат үшін айыппұл арқалаған қыздардың шығынын өздері өтейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Ақтөбе" футбол клубы үшін әр жанкүйердің орны бөлек. Айыппұл алған алты аруымыздың да шығынын "Ақтөбе" футбол клубы толықтай өтеп береді. Қаракөздеріміз қателескен тұсын толықтай түсінді. Алдағы уақытта да командаға қолдау білдіріп, келесі жолы бәрі ережеге сай болады деп уәде берді", - деп жазылған клуб хабарламасында.
Айта кетейік, 17 қазанда "Ақтөбе" ФК мен "Ордабасы" ФК арасында Қазақстан премьер-лигасының матчі өтті. Матч кезінде жанкүйер қыздардың бірі "NO SHYMSIDE, NO TEXAS FANS!" деген жазуы бар плакат көтерген. Оның жанында Өзбекстанның туына ұқсас сурет бейнеленген. Бұл оқиға әлеуметтік желіде дау туғызды. Кейбір қолданушылар бұл жайтты тексеруді талап етті.
Кейін полиция кәмелетке толмағандарды анықтады.