"Ақтөбе"-"Ордабасы" матчі кезінде даулы плакат ұстап, жұрттың ашуын туғызған қыздар анықталды

"Ақтөбе"-"Ордабасы" матчі кезінде даулы плакат ұстап, жұрттың ашуын туғызған қыздар анықталды
видео кадры

Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында "Ақтөбе" және "Ордабасы" командалары арасындағы матч кезінде кәмелетке толмаған қыздар жағымсыз мазмұндағы плакат ұстағаны көрінетін видео анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды анықтаған.

"Ата-аналарымен бірге оларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қыздардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған қыздар өз әрекетінің заңсыздығын түсінді", - деп жазылған Ақтөбе облысы ПД хабарламасында.

Айта кетейік, 17 қазанда "Ақтөбе" ФК мен "Ордабасы" ФК арасында Қазақстан премьер-лигасының матчі өтті. Матч кезінде жанкүйер қыздардың бірі "NO SHYMSIDE, NO TEXAS FANS!" деген жазуы бар плакат көтерген. Оның жанында Өзбекстанның туына ұқсас сурет бейнеленген. Бұл оқиға әлеуметтік желіде дау туғызды. Кейбір қолданушылар бұл жайтты тексеруді талап етті.