Қазақстан семсерлесуден әлемдік рейтингте көш бастады: Тоқаев спортшыларды құттықтады

Қазақстан семсерлесуден әлемдік рейтингте көш бастады: Тоқаев спортшыларды құттықтады
Фото: Olympic.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен ұлттық құраманы құттықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстандық семсерлесушілер халықаралық жарыста топ жарып, ел спорты үшін тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Осы жеңістің арқасында ұлттық құрама Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) әлемдік рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді.

Мемлекет басшысы спортшылардың халықаралық аренадағы жетістігін атап өтіп, Қазақстан құрамасына құттықтауын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық семсерлесушілердің алдағы уақытта да әлемнің ең беделді жарыстарында табысты өнер көрсетіп, еліміздің көк байрағын биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.