Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында тағайындау жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
- Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.