Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болуы мүмкін

Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болуы мүмкін
Гүлнар Тойлыбаева. Фото: adilet-partiyasy.kz

"Әділет" партиясы Құрылтайдағы бос депутаттық мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсынды. Тиісті шешімді партияның Саяси кеңесі Бюросы қабылдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партия мәліметінше, депутаттық мандат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін босаған.

Осыған байланысты "Әділет" партиясы Саяси кеңесінің Бюросы партиялық тізім бойынша бос орынға Гүлнар Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсыну туралы шешім шығарған.

Гүлнар Тойлыбаева кім?

Гүлнар Тойлыбаева мемлекеттік қызмет пен партиялық құрылымдарда көп жылдық тәжірибесі бар.

Әр жылдары облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істейді.

Ол бұған дейін "Әділет" партиясының Құрылтай сайлауына ұсынған кандидаттар тізіміне де енгізілген. Партия Саяси кеңесі Бюросының тиісті қаулысы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды.