Алматыдағы үш жоғары оқу орны "жарылғыш зат қойылды" деген хабардан кейін шұғыл тексерілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы Полиция департаментіне қаланың әр ауданында орналасқан үш жоғары оқу орнына жарылғыш зат қойылуы мүмкін екені туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберілген. Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ғимараттар мен оларға іргелес аумақты толық тексерген.
"Тексеріс нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ", - деді Алматы Полиция департаменті өкілдері.