Ақтауда танымал блогер ұсталды

Ақтауда танымал блогер ұсталды
instagram.com/saltanat.a.e.official

Ақтауда 360 мың оқырманы бар блогер алаяқтық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, Instagram арқылы сатып алушыларға Қытайдан әкелінетін премиум санаттағы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы өте төмен бағамен сатып алуға ұсыныс жасалған. Бұл жарнамаға сатушы 360 мыңнан аса оқырманы бар танымал блогерді тартқан.

Адамдар тапсырыс беріп, ақшасын аударғанымен, уәде етілген тауарларды ала алмаған. Тергеу нұсқасы бойынша күдіктілер түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Блогер мен оның сыбайласы болуы мүмкін адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тағы да зардап шеккендер бар-жоғын іздестіріп жатыр. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ашық дереккөз мәліметінше, ол - ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова.