Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй көмегін алу талаптары күшейтіледі

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй көмегін алу талаптары күшейтіледі
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй көмегін алушыларға бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған баспанаға мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрып, жылжымайтын мүліктің жүздеген нысанынан үлесі бар адамдардың анықталуы себеп болған.

«Отбасы банк» басшысы Азат Әшімовтің айтуынша, тексеру кезінде бір азаматтың 400 пәтерден үлесі бар екені анықталған. Соған қарамастан, ол баспанаға мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған.

Осыған байланысты заңнамаға өзгерістер енгізілген. Енді жылжымайтын мүліктегі үлес азаматтың жалғыз баспанасына қатысты болған жағдайда ғана есепке алынады. Билік өкілдерінің пікірінше, жаңа талаптар мемлекеттік қолдауды теріс пайдаланатын адамдарды анықтауға және көмекті шынымен баспанаға мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді.