Pinduoduo Қазақстанға 6,8 млрд теңге төледі

Pinduoduo Қазақстанға 6,8 млрд теңге төледі
ашық дереккөз

Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге төледі. Соның ішінде Pinduoduo бюджетке 6,8 млрд теңге (15,1 млн АҚШ доллары) төледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ал Claude жасанды интеллект көмекшісін әзірлеуші Anthropic, PBC компаниясы 1,2 млрд теңге (шамамен 2,6 млн АҚШ доллары) төлеген. Компания камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындаған.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлыбританияда тіркелген Farfetch платформасының операторына камералдық бақылау хабарламасын жолдаған. Хабарлама орындалмағандықтан, Қазақстан аумағында Farfetch интернет ресурсына қолжетімділік шектелген.

Farfetch - киім, аяқкиім және аксессуарлар, соның ішінде танымал брендтердің тауарлары сатылатын халықаралық онлайн платформа.