2026 жылғы 31 қазаннан бастап "Отбасы банкте" алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын рәсімдеу үшін алынатын комиссияның ең жоғары мөлшері 1 млн теңгеге дейін өседі. Жаңа талап, негізінен, баспана сатып алу үшін ірі көлемде несие рәсімдейтін клиенттерге қатысты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Nege Aqsha мәліметінше, комиссияның негізгі мөлшерлемесі өзгермейді және қарыз сомасының 1 пайызы деңгейінде қалады. Алайда алынатын төлемнің шекті көлемі несие сомасына қарай белгіленеді. Атап айтқанда, 50 млн теңгеге дейінгі заемдар бойынша комиссия 300 мың теңгеден аспайды. Несие көлемі 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін болса, ең жоғары комиссия 500 мың теңгені құрайды. Ал 100 млн теңгеден асатын заемдар үшін комиссия 1 млн теңгеге дейін жетеді.
Банк мәліметінше, клиенттердің 92 пайызы 50 млн теңгеге дейін несие рәсімдейді. Сондықтан қарыз алушылардың басым бөлігі үшін комиссияның ең жоғары мөлшері өзгеріссіз қалады.