BAIC X7: күнделікті өмірдегі жайлылық

BAIC X7: күнделікті өмірдегі жайлылық

Кең әрі ыңғайлы салон, орындықтарды желдету жүйесі, алдыңғы жолаушыға арналған аяқ тірегі, жүргізушінің электрондық көмекшілері – BAIC X7 жайлылыққа басымдық береді. Кроссовер отбасылық сапарлар мен күнделікті жол жүруге қолайлы болуды көздейді.

Қазақстанда кроссовер үш комплектацияда ұсынылады. Бағасы 9 990 000 теңгеден басталады.

Жайлылық кеңістіктен басталады

Автокөлік таңдағанда әдетте қозғалтқыштың сипаттамаларына, жанармай шығынына және жүргізуші орындығының жабдықталуына назар аударылады. Алайда күнделікті пайдалану кезінде жолаушылардың жайлылығы да маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе балалармен сапарға шыққанда, қалалар арасында жүргенде немесе көлікте ұзақ уақыт болғанда өзекті.

BAIC X7 моделіндегі инженерлік шешімдер эргономика мен практикалық қолайлылыққа бағытталған.

  • ⁠Өлшемдері мен салоны: BAIC X7 моделінің доңғалақ базасы 2800 миллиметрді құрайды. Осының арқасында салонда екінші қатардағы жолаушыларға жеткілікті кеңістік қарастырылған. Бұл ұзақ сапарларда ерекше маңызды. Жолаушылар аяғын ыңғайлы орналастырып, жолда өздерін жайлы сезіне алады.
  • Интерфейстер мен мультимедиа: алдыңғы панельде екі 12,3 дюймдік экраннан тұратын бірыңғай консоль орнатылған. Оның құрамына аспаптар панелі мен мультимедиа жүйесі кіреді. Сонымен қатар климат-бақылауды басқаруға арналған жеке сенсорлық дисплей бар. Екінші қатардағы жолаушылардың жайлылық функцияларын басқаруы үшін орталық шынтақ тіреуішінде арнайы панель қарастырылған. Мұндай жабдықталу отбасылық сапарлар кезінде әсіресе қолайлы.
  • ⁠Акустикалық жайлылық: шанақ пен күштік агрегаттың құрылымында шу мен дірілді азайтуға бағытталған 21 инженерлік шешім қолданылған. Бұл көлік кептелісте немесе тасжолда жүрген кезде салондағы тыныштықты сақтауға көмектеседі. Шу мен діріл деңгейінің төмендеуі күнделікті қалалық сапарларда маңызды, өйткені жүргізуші мен жолаушылар автомобиль ішінде едәуір уақыт өткізеді.

Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып

Қазақстанда автомобиль температураның айтарлықтай маусымдық өзгерістеріне дайын болуы керек. Қыста қатты аяз, ал жазда жоғары температура байқалады.

Өндірушінің ақпаратына сәйкес, BAIC X7 сериялық өндірісі басталғанға дейін жалпы ұзақтығы 40 000 сағаттан асатын климаттық сынақтардан өткен. Техникалық материалдарда сынақ температурасының диапазоны -58-ден +90 °C-қа дейін екені де көрсетілген.

Қазақстандық сатып алушылар үшін климаттық тұрақтылықтың практикалық маңызы бар. Автомобильден қыс мезгілінде де, ыстық ауа райында да жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуі күтіледі. Бұл әсіресе алыс қашықтыққа жиі сапарлайтын жүргізушілер үшін маңызды.

Қозғалтқыш және жүргізушіге көмектесетін жүйелер

BAIC X7 кроссовері көлемі 1,5 литр болатын, қуаты 188 ат күшіне тең турбокомпрессорлы қозғалтқышпен жабдықталған. Онымен қосарлана қос ілінісуі бар 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабы (7DCT) жұмыс істейді.

Автомобильдің жолдан биіктігі 200 миллиметрді құрайды. Бұл көрсеткіш ойлы-қырлы жабындысы бар қалалық жолдарда және қала сыртындағы бағыттарда жүру кезінде өзекті.

Комплектациясына қарай автомобиль ADAS жүргізушіге көмек көрсету жүйелерімен жабдықталады. Олардың қатарында:

•⁠  ⁠Алда келе жатқан көлікке дейінгі арақашықтық пен белгіленген жылдамдықты сақтауға көмектесетін адаптивті круиз-бақылау (ACC).
•⁠  ⁠Қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйесі.
•⁠  ⁠Соқыр аймақтарды бақылау жүйесі.
•⁠  ⁠Автоматты тұраққа қоюдың интеллектуалды жүйесі.

Бұл технологиялар жүргізушіге әртүрлі жол жағдайында көмектесіп, қозғалыс пен маневр жасау кезіндегі жүктемені азайтуға бағытталған.

Үш комплектация: күнделікті жайлылықтан кеңейтілген жабдықталуға дейін

Қазақстан нарығында BAIC X7 жабдықталуы мен жайлылық функциялары бойынша ерекшеленетін үш комплектацияда ұсынылады.

Comfort – 9 990 000 теңгеден.

Бастапқы комплектацияға 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, цифрлық басқару панелі, климат-бақылау және негізгі қауіпсіздік жүйелері кіреді.

Comfort салоны кең, автоматты беріліс қорабы және күнделікті пайдалануға қажетті жабдықтар жиынтығы бар автомобильді қалайтын сатып алушыларға қолайлы.

Luxury – 10 390 000 теңгеден.

Бұл комплектация 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен, екі түсті өңдеумен, жылыту функцияларының кеңейтілген жиынтығымен, орындықтарды желдету жүйесімен және ADAS электрондық көмекшілерінің кешенімен толықтырылған.

Luxury автомобильді қалада да, алыс сапарларда да тұрақты пайдаланатын әрі жайлылық функцияларының кеңірек жиынтығын алғысы келетіндерге арналған.

Premium – 11 990 000 теңгеден.

Максималды комплектацияда негізгі назар жолаушылардың жайлылығына аударылған. Оның ерекшеліктерінің қатарында массаж функциясы бар орындықтар, екінші қатардағы жолаушыларға арналған жайлылық шешімдері, аяққа электр жетегімен реттелетін тірегі бар алдыңғы жолаушы орындығы Zero Gravity, панорамалық шатыр және автоматты тұраққа қоюдың интеллектуалды жүйесі бар.

Premium ұзақ сапарлар кезінде жайлылықтың кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдаланғысы келетін сатып алушыларға қызықты болуы мүмкін.

Жеке танысу арқылы бағалауға болатын жайлылық

BAIC X7 кең салоны, заманауи технологиялық жабдықтары және автомобильдегі барлық адамның жайлылығына бағытталған шешімдерімен ерекшеленеді.

Модельдің басты ерекшеліктерінің бірі – екінші қатардағы жолаушыларға да көңіл бөлінуі. Комплектацияға байланысты жылыту, желдету және массаж функцияларын пайдалану мүмкіндігі, қосымша кеңістік пен жекелеген басқару элементтері X7 моделін отбасылық сапарлар мен алыс жолға шығу үшін қарастыруға мүмкіндік береді.

Бағасы 9 990 000 теңгеден басталатын автомобильді осы сегментте таңдайтын сатып алушылар үшін BAIC X7 күнделікті пайдалануға арналған базалық нұсқадан бастап, жолаушылар жайлылығының кеңейтілген функциялары бар комплектацияға дейінгі үш нұсқаны ұсынады.

Салонның кеңдігін, орындықтардың жайлылығын және жабдықтардың жұмысын автомобильмен жеке танысу кезінде бағалауға болады.

Комплектациялар, өзекті бағалар және сатып алу шарттары туралы толық ақпаратты baic.com.kz ресми сайтынан алуға болады. BAIC автомобильдерін Қазақстандағы ресми дилерлік орталықтарда тест-драйвтан өткізуге де мүмкіндік бар.