Астанада фитнес орталықта өрт шығып, 20 адам құтқарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы ауданындағы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес орталықтың жертөлесінде кабель тұтанған.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен. Құтқарушылар жертөле түтіндеп жатқанын анықтаған.
"Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 20 адамды эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Ол одан әрі тарауына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖМ өкілдері.